Су тасқынынан қырылған мал иелеріне өтемақы төленеді

Соңғы деректер бойынша 8,1 мың бас мал суға кеткен.

коллаж: orda.kz

Осы күндері Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірігіп су тасқыны салдарынан шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 88 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалып шығарылды.

Соңғы деректер бойынша 8,1 мың бас мал суға кеткен. Оның ішінде 6 мың ұсақ мал, 1,5 мың ірі қара, 514 бас жылқы бар. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында малдың өлексесін жойып жатыр.

Бүгінде 4,1 мың бас малдың өлексесі жойылды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды.

Су тасқыны салдарынан қырылған малдардың иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек.

Малдарға меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

Меншік иелеріне өтемақы Ұлттық статистика бюросы жариялаған талапқа сай беріледі.

Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ малдардың иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлерден шамамен 30 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді. Тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескеріп, бұл жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Нұрқайыр Құсайынов 2024 жылғы 8 сәуірдегі алдын ала мәліметтер бойынша, облыс аудандарында су тасқыны салдарынан 219 бас ірі қара мал, 1552 бас қой мен ешкі, 54 жылқы, 97 шошқа және 119 бас құс өлгенін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бетондалған және қоршалған»: БҚО су басқан аудандарындағы мал қорымдары туралы ветеринарлар

Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шаралары

Қазақстандағы су тасқыны: заң көмегіне арналған жедел желі іске қосылды

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 377 отбасы 184 мың теңгеден біржолғы көмек алды

Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 1 591 бас мал өлген, шығын қалай өтелмек

Су тасқыны: 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды

Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үй салу қанша тұрады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-20
Утром8.41 ℃
Днем18.54 ℃
Вечером19.12 ℃
Ночью12.69 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.11 м/с
2024-05-21
Утром12.04 ℃
Днем21.46 ℃
Вечером22.81 ℃
Ночью16.5 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.59 м/с