Орал гуманитарлық штабына – су тасқынынан зардап шеккендерге арналған заттарды сұрыптау үшін көмекшілер керек
Үлкен қораптардағы 3 тоннаға жуық заттар – балалар, ересектер киімі, сондай-ақ, көрпелер мен жамылғылар Қызмет көрсету және технологиялар колледжінің ғимаратындағы қоймада. Су тасқыны кезінде үйлері су астында қалған отбасыларға беру үшін оларды қайта сұрыптау керек.

Облыстық гуманитарлық көмек штабының басшысы Аслан Тапишев «ОА» – на қазір Астанадан штабтың атына фура келіп түскенін, оны БҚО тұрғындарына елорданың қатардағы тұрғындары жібергенін айтты. Мұнда-көрпе, жамылғылар, балалар мен ересектерге арналған заттар. Мұның бәрін топан судан кейін балалар мен ересектері киімсіз қалған отбасыларға тарату үшін сұрыптау және бөлшектеу қажет.
– Бізге гуманитарлық жүктер түскен кезде біз бірінші кезекте азық-түлікті бөлшектей бастаймыз, содан кейін ғана заттарды сұрыптауға кірісеміз. Бірақ біздің штабта барлық жұмыс үшін адамдар жетіспейді. Бізге еріктілердің көмегі қажет – 5-10 қыздар мен жігіттер, бұл заттарды эвакуациялық пункттерге жібермес бұрын сұрыптауға, – деді Аслан Тапишев.
Штабқа заттарды сұрыптауға көмектесетін еріктілерді мына мекен-жай бойынша күтеді: Каримуллин көшесі, 2/1 А («Алтын Алма» базарына 500 метрге жетпей Сервис және технологиялар колледжінің ғимараты).