Сүлейменов: бұрын-соңды болмаған су тасқынынан ықтимал тәуекелдер туындап отыр

Су тасқынының салдарын жоюға қажет болатын бюджет шығыстарының көлемі әлі анықталған жоқ.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, су тасқынының салдарын жоюға қажет болатын бюджет шығыстарының көлемі әлі анықталмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Базалық мөлшерлемені бүгін екі ай бұрынғы көрсеткіште қалдырған Тимур Сүлейменов мәлімдеме таратты. Оның айтуынша, осы шешімді қабылдау кезінде инфляцияның динамикасы мен тәуекелдер балансы ескерілген. Ақпан мен наурызда жылдық инфляцияның қарқыны баяу төмендеген.

– Наурызда инфляцияның орнықты бөлігі айтарлықтай баяулады. Бірақ бұл уақытша болуы мүмкін. Сондықтан бағалардың келесі айлардағы динамикасын мұқият қадағалайтын боламыз. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап қалыптасып отыр. Наурызда азық-түліктің әлемдік бағасы негізінен өсімдік майы бағасының көтерілуі есебінен біршама өсті. Астық бағасы да төмендеу үрдісін жалғастырды, – дейді ол.

Ұлттық банк басшысы сыртқы ақша-кредит шарттары әлі де қатаң екенін, соымен бірге, мұнай бағасының көтерілуіне байланысты әлемдегі инфляциялық қысым тәуекелдері артып келе жатқанын айтады.

– Экономикада инфляциялық қысымды орнықты тұтынушылық сұраныс тудырып отыр. Оған тұтынушылық кредиттеудің кеңеюі ықпал етті. Жоғары инфляциялық күтулер мен реттелетін қызметтерде жалғасып келе жатқан реформалардың инфляцияның тез төмендеуіне кедергі келтіріп отыр, – дейді ол.

Ұлттық банк төрағасы қабылданған шешім бұған дейінгі риторикаға толық сәйкес келетінін, бірізді әрекетті жалғастырып, ақша-кредит саясатының ұстамды қатаң сипатын сақтау қажет деген позицияны ұстанатынын айтады. Инфляция баяу төмендеп жатқан тұста маңызды қадам осы дейді.

Су тасқыны жайлы

Сүлейменовтың сөзінше, ықтимал тәуекелдер ел аумағында бұрын-сонды болмаған су тасқыны салдарына байланысты туындаған.

– Сондай-ақ су тасқынының салдарын жоюға қажет болатын бюджет шығыстарының көлемі әлі анықталған жоқ, – дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдаған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.99 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с