БҚО тұрғыны мобильді қосымша арқылы алаяқтық жасаған
Жәбірленушіге жалпы соммасы 2 500 000 теңге 12 ай мерзімге бөліп төлеу бойынша зат сатып алуға кредит рәсімдеп материалдық залал келтірген.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО Жәнібек ауданының тұрғыны жәбірленушіге алкоголь ішкізіп, несие рәсімдеген. Сол күні сағат 18.00 шамасында сотталушы жәбірленушінің мас күйінде болғанын пайдаланып, ұялы телефон нөмірін сұраған. Әр түрлі сылтаулармен, оның сеніміне кіріп, ұялы телефонға кіру кодын біліп алған.
Сотпен келесі мән-жайлар анықталды, БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының тұрғыны азамат М. жәбірленушінің үйінде болып пайдакүнемдік ниетімен, жәбірленушіге сыра ішімдігін ішкізіп, соның атына несие рәсімдеу арқылы, түскен ақшаны жымқырумен, арам ойы пайда болған. Сол күні сағат 18.00 шамасында сотталушы, жәбірленушінің алкогольден масаң күйде болғанын пайдалана отырып, оның ұялы телефонын сұрап, әртүрлі сылтаулар айту арқылы сеніміне кірумен, соңғының ұялы телефонының қолжетімді кодын біліп алған. Сонымен қатар, алаяқтық мақсатында, яғни ақпараттық жүйені пайдаланушы жәбірленушінің сенімін теріс пайдалану жолымен әртүрлі айла тәсілдермен оның ұялы телефонына жүктелген «Kaspi Gold» мобильді қосымшасына кіру кодын біліп алған. Әрі қарай, сотталушы өзінің ойлаған заңға қайшы әрекеттерін жүзеге асыра отырып, алаяқтық мақсатында, жәбірленушінің ұялы телефонындағы «Kaspi Gold» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде бірнеше рет жалпы соммасы 2 500 000 теңге 12 ай мерзімге бөліп төлеу бойынша зат сатып алуға кредит рәсімдеп материалдық залал келтірген.
Сот іс құжаттарын зерттеп және істің мән-жайлары бойынша әрбір дәлелдемеге қатыстылығы, жол берілушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелерге олардың жиынтығына істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан баға бере отырып, сот сотталушының кінәсі объективті түрде дәлелденгенің, қылмыс дұрыс дәрежеленген деп санады.
Сонымен қатар, жәбірленуші сотталушыдан қылмыспен келтірілген материалдық залалы ретінде қойып отырған 2 500 000 теңге азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылуға жатады деп белгіледі.
Сот, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жәбірленушінің талап арызы толық қанағаттандырылды
Үкім заңды күшіне енді.