Батыс Қазақстан облысында табиғи апатпен күрес әлі қарқынды жүргізіліп жатыр

14 сәуірге қараған түні Теректі ауданының Ақжайық елдімекенінде табиғи апатқа қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Сол түні БҚО-ға қарағандылық әскерилер де көмекке келіп жетті.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық елді мекенінде ТЖМ 20982 әскери бөлімінің жиынтық тобы жағалауды нығайту жұмыстары және қапшықтарды төсеуді жүргізуде.

Сондай-ақ 14 сәуірде Қарағанды қаласы ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы Қостанай қаласынан Батыс Қазақстан облысына көшірілді. Қазіргі уақытта құтқарушылар № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Январцево елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде. Жағалауды нығайту жұмыстары, сондай-ақ инертті материалы бар қапшық төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бірлескен жұмыстар жалғасуда.

Айта кетсек, 17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынның шарықтау шегі басталады деп күтіледі.

20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжануда. Осыған байланысты, Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендер үшін, 500-і Орал үшін және 150-і өзеннің төмен ағысы үшін. Бұдан басқа, елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды.

Қиындыққа тап болған өңірімізге техника күші керек-ақ. Соны ескерген Түркістан облысы тасқынға тосқын болу үшін өңірге 40-тан астам арнайы техника жіберді. Оның ішінде тиегіштер, самосвалдар, бірнеше жұмыс атқаруға қауқарлы тракторлар, монипуляторлар, крандар бар. Жалпы Түркістан облысынан 49 техника келді. Оңтүстіктен өңірге техникамен бірге, оның тілін білетін мамандар да түсті.

Сондай-ақ, көршілес Ақтөбе облысынан 50 арнайы техника жетті.

Қала шегіндегі Жайық өзені 20:00 – 761 см (+2 см). Январцево ауылының айналасында Жайық өзгеріссіз – таңертеңнен 803 см.

Орынбор ауданындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 14 сәуір күні кешке 11 м 76 см құрады.

Бұл деректер 20:00-ге. Таңертеңнен 11 см-ге дейін төмендеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-8.69 ℃
Днем-5.55 ℃
Вечером-3.6 ℃
Ночью-2.69 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.28 м/с
2025-01-18
Утром-4.18 ℃
Днем-3.19 ℃
Вечером-4.57 ℃
Ночью-4.69 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.02 м/с