Су тасқыны: Жайықтың жағдайы алаңдатып тұр
Жайық өзенінің деңгейі 16 сағатта +8 см өсіп, сағат 08:00-ге 755 см құрады, қауіпті деңгей 850 см. Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың 14 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі 755 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (803 см, қауіпті деңгейі – 1 250 см) төмендегенімен, басқа тұстарда жоғарылағаны байқалады. Айталық, Оралдан басқа Көшім ауылы тұсында өзен деңгейі 739 (+21 см), Тайпақта 448 (+8) сантиметрді көрсетті.
Оған қоса Көшім каналындағы су деңгейі 4 сантиметрге өсіп, қауіпті шектен (800 см) 7 сантиметрге асып кетті.
Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Рубежка өзеніндегі су деңгейі 816 сантиметр (+7, қауіпті шегі – 1000 см) болды.

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түскен.
Орынбор маңындағы Жайық деңгейі төмендеді.
Жайық деңгейі 8:00-де 1185 см.2 сағат ішінде өзен су деңгейін 2 см-ге төмендетті, деп жазады «Вести Оренбуржья».