Оралдағы Жайық деңгейі 11 метрге жетуі мүмкін — «Қазгидромет» РМК директорының орынбасары
Соңғы тәулікте судың көтерілуі 8 сантиметрді құрады. 11 метрге дейін көтерілу күтілуде, — деді «Қазгидромет» директорының орынбасары Олжас САДЫРОВ бүгін брифингте.

Ол жол бойындағы тасқын су өз күшінің 30 пайызын жоғалтып, өзен арнасының жайылмасындағы шалғындар мен ойпаттарды су басқанын атап өтті.
«Бірақ жол бойындағы судың жоғалуы күтілетін су тасқынының қаупін төмендетпейді», — деді Олжас Садыров.
Ол БҚО-ға 17-19 сәуірде үлкен су келетінін атап өтті.
— Оралдағы Жайықтың деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін, — деді «Қазгидромет»директорының орынбасары.
«ҚазСуШар» бас гидротехнигі Шынболат Ермағамбетов олардың Ресей тарапымен үнемі ақпарат алмасып отыратынын хабарлады.
Ол Иректі су қоймасындағы белгі бүгінде 244,88 метр, Оралға төгу секундына 447 метр екенін хабарлады.
Мария ДРАЧЕВА
