Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрық дайындады.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Құжатта жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:

  • Төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру ұсынылсын;
  • 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылсын;
  • Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;
  • Орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын;
  • Келесі кезекте, аталмыш мерзімге дейін тоқтатылады:

– салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау;

– мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулер жүргізу мерзімінің өтуі.

Бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне және талап қою мерзіміне қосылмайды;

  • Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеуді 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

Бұйрық 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін 29 сәуірге дейін орналастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-13
Утром14.33 ℃
Днем21.54 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.93 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра3.92 м/с
2025-05-14
Утром16.05 ℃
Днем20.26 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.71 м/с