Жайық өзенінің деңгейі 8 см-ге көтерілді-жағалаудағы кенттердің тұрғындары БҚО-ға эвакуациялануда

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ержан Тәткен өңірдегі су тасқынына қарсы жұмыстар туралы ақпарат берді.

БҚО ТЖД

– Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Бүгін таңертең сарапшылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 20 сәуірде Ресейдің Орынбор облысынан біздің аймаққа көп мөлшерде су түседі деп болжануда. Таңертеңгі ақпарат бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 сантиметрді құрады. Яғни, ол кешегімен салыстырғанда 8 сантиметрге өсті. Осыған байланысты Жайық өзенінің маңында және қала шегінде орналасқан облысымыздың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде, — деді Е.Тәткен ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері аймақтың қауіпсіз жерлеріне 13 614 адам, оның ішінде 5 653 бала қоныс аударған. Өңірдің су басқан аумақтарының тұрғындары үшін 9 мыңға жуық адам сиятын 161 уақытша баспана салынды. Қазір олардың 15-інен 2 189 адам баспана алды.

– Су тасқынына қарсы іс-шараларға біздің облыстан және басқа өңірлерден 6 478 адам және 1 574 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ және Ұлттық ұлан тікұшақтарының экипажы дайын. Қажет болған жағдайда олар гуманитарлық көмек көрсетеді және шұғыл-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Өңірде тұрғындардың тыныс — тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық объектілерді қорғау бойынша шаралар күшейтілді, – деп толықтырды спикер.

Кеңесте тасқын суларды жинау және өткізу үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, сала мамандары мен сарапшылары Оралдағы Шаған су қоймасының жұмысы туралы пікір алмасты.

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі «ҚазСуШар» филиалдары Батыс Қазақстан облысына қолдау көрсетуде.

– Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен байланыста болу маңызды. Жедел ден қою үшін су көлемі бойынша ақпарат сағат сайын жаңартылады, ал барлық су шаруашылығы объектілерінде тәулік бойы кезекшілік жалғасады. «ҚазСуШар» Батыс Қазақстан және Атырау филиалдарының жұмысын үйлестіру қажет, өйткені біз Жайық өзені арқылы Атырау қаласына келетін су көлемін барынша азайтуға тиіспіз. Тасқын суларды қауіпсіз өткізуден басқа, барлық су қоймаларында су жинау да маңызды міндет болып табылады, – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем21.3 ℃
Вечером24.87 ℃
Ночью17.77 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.46 м/с
2025-06-25
Утром15.26 ℃
Днем26.04 ℃
Вечером25.91 ℃
Ночью20.07 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.82 м/с