Күндіз көлік шамын жақпағандарға айыппұл салынбайды

Жылдамдықты арттырғандарға айыппұл 2 есеге көбейеді.

Ал жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айыру азаяды. Бүгін осындай заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. 

Енді күндіз көлігінің жарық шамын қоспаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Бұл талапты сақтау – міндетті емес. Дыбыс сигналын пайдалану қағидаларын бұзғандар да жауапқа тартылмайды.

Қазір Мәжіліс депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңды қарап жатыр. Соның аясында құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілмек.

Мәселен, соның бірі осы қала аумағында көліктің жарық шамдарын жағып жүруге қатысты болып отыр. Бұрын бұл ережені сақтамағандар 3 айлық есептік көрсеткіш демек, 11 076 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын. Бұдан былай тек ескерту беріледі. Ал трассаға қатысты бұрынғы талаптар өз күшінде қалады.

Депутат Сергей Пономарев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында денсаулыққа зиян келмеген жол көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айырылмайтынын айтты. Айтуынша, автотұрақ ақысын төлемегендер де жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, рұқсат етілген жылдамдықты 60 шақырымнан асырған көлік жүргізушілеріне жаза қатаңдатылғалы отыр. Оларға 40 айлық есептік көрсеткіш, демек 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

«Бұл норманың заң талаптарын сақтайтын азаматтарға қатысы жоқ. Яғни, жылдамдықты 10, 20, 30, 40 шақырымға асыру туралы ереже сол күйінде қалады. Жылдамдықты қатты асырғандар үшін тәртіп қатаңдайды. Мәселен, қаладағы шектеу сағатына 60 шақырым болса, кейбір жүргізушілер 120-ға дейін жылдамдықты арттырады. Міне, заң осыларға қатысты. Әлі талқыланып жатқандықтан, нақты қандай айыппұл салынарын айта алмаймыз. Ол өзгеруі мүмкін», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром13.49 ℃
Днем16.97 ℃
Вечером8.19 ℃
Ночью6.94 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра7.79 м/с
2025-04-28
Утром2.41 ℃
Днем6.38 ℃
Вечером6.13 ℃
Ночью3.27 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.78 м/с