Ресейден Жайыққа үлкен су келе жатыр: 102 шақырым аумаққа бөгет орнатылды

Орынбор облысындағы су деңгейі әзірге баяу жылдамдықпен келе жатыр.

БҚО ТЖД

Ресейдің Орынбор облысынан келе жатқан су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуір күні келеді деп болжанып отыр.

Осыған байланысты, Жайық өзеніне жақын орналасқан облыстың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласындағы қауіпті аймақтардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр. 102 шақырым аумаққа бөгеттер орнатылды. 

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 22 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Саяжайлардағы 2 994 үйді су басты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м3 /сек.

Соңғы уақыт ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі:
Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында – +8 см көтерілген;
Орал қаласында – +1 см
Көшім ауылы тұсында – 0 см
Тайпақ ауылы тұсында – +1 см.
Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 7 метрден 84 см асты. Қауіпті деңгей – 850 см.

БҚО-да Жайық өзенінен шамамен 1 км3 су алуға қабілетті Жайық-Көшім сағалық суару жүйесіне су жіберу мүмкіндігі пайда болды.

Атап айтқанда, Жайық-Көшім су қоймаларының каскады 92 млн м3 суды, лиманды суару жүйесі – 335 млн м3, көл – 420 млн м3 сыйдыра алады. Қаразен өзеніне 50 млн м3 су, ал Қамыс-Самара көлдеріне – 100 млн м3 су жіберу жоспарлануда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром12.66 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.05 м/с
2025-05-18
Утром14.92 ℃
Днем22.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.21 м/с