БҚО-дағы қазіргі ахуал: Оралда қанша саяжайды су алды

6 бағбандық серіктестікті су басқан: «Космос», «Стеновик», «Отдых», «Комарово», «Уралочка», «Дорожник». 300 саяжай телімін су басқаны хабарланды. 585 адам эвакуацияланған.

БҚО ТЖД

БҚО-да жергілікті масштабта алты төтенше жағдай жарияланды. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы бойынша, Орал қаласында, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде 20 жол төсемін су шайып кетуі бақылауға алынған. Сондай-ақ өңірде көлік қатынасы жоқ тоғыз елдімекен бар: Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы.

«Саяжайлардағы 3 294 үйді су басты. Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.13 819 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 725 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасқан, оның ішінде 985 бала, 11 519 адам туыстарында.4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды»,-деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 21 сәуірдегі ақпарат бойынша, Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (855 см) асқаны хабарланған.

Қазіргі уақытта (21.04.24 сағат 16.47) мына эвакуациялау пункттерінде бос орындар бар: – ЖСМ спорт залы (Мекенжайы: Әмбебап ауданы Әйтиев көшесі, 72А); – ⁠«Орал» спорт орталығы (Дерөлл ауылы, Даль к-сі, 7/3). – ⁠Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Деркөл ауылы, Даль к-сі, 7/4).

Жайық өзені қазір ғарыштан осылай көрінеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с