Орал қаласы төңірегіндегі саяжайлар суға кетіп жатыр

Су деңгейінің жоғарылауына байланысты Жайық өзенінде уақытша бөгет, атап айтқанда жер үйіндісі мен төселген қапшықтар бұзылды.

БҚО ТЖД

Бүгін Орал қ. Зачаганск кентінде, «Стеновик» бау-бақша серіктестігінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Жайық өзенінде уақытша салынған жалдар, атап айтқанда топырақ үйіндісі мен төселген қапшықтар бұзылды. Нәтижесінде «Космос», «Стеновик», «Отдых», «Комарово», «Уралочка», «Дорожник» секілді алты бау-бақша қоғамына су кірді. Серіктестіктегі саяжай учаскелерінің саны – 820, ал 190 учаскеде 620 адам тұрады, оның ішінде 300 бала. Бұл саяжайлар Жайық өзенінің аласа бөлігінде орналасқан. Уақытша дамбалар сәуір айының басында салынған болатын.

Қазіргі уақытта 300 саяжай су астында қалды. Серіктестіктің 585 тұрғыны алдын ала эвакуацияланғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда учаскелерде үйлерді күзету үшін 35 ер адам қалды. Қазіргі уақытта қалған тұрғындардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін саяжай үйлерін аралау жүргізілуде. Іс-шара барысында 4 адам құтқарылып, оларға қажетті алғашқы көмек көрсетілді, 1 адам эвакуацияланды, 30 адам өз бетінше қоныс аударды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап аумақты тұрғындардың жоқ екеніне көз жеткізу, адамдарды эвакуациялау және құтқару, тұрғын үйлер мен учаскелерді аралау, бау-бақша серіктестігі аумағындағы ахуалға талдаулар жүргізілуде. Аталған жұмысқа 230 жеке құрам, 23 бірлік техника және 10 жүзу құралдары жұмылдырылды.

21 сәуір сағат 16:00 бойынша гидрологиялық бюллетень:

Орал қаласының маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда. Осы сағатта  құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды құтқарды. 

Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау арнайы операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде.  Тікұшақ әуеге көтерілді.  Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром19.72 ℃
Днем24.3 ℃
Вечером21.06 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра5.89 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.02 ℃
Вечером21.83 ℃
Ночью16.38 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.9 м/с