Оралда Жайықтың су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.

Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Эвакуациялық пунктер тізімі:

(Жайық өзені жағалауына жақын аудандар бойынша)

  • Желаев кенті «Рахмет» супермаркетінен теміржолға дейін — №44, №28 орта мектеп.
  • Желаев кенті теміржолдан Вербовая көшесі 4 және 2-үйге дейін тұратындар — №24 орта мектеп.
  • Желаев кенті Вербовая көшесі 4 және 2-үйден Чкалов көшесімен «PITSTOP» жанар-жағар май стансасының арты — №16 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы «PITSTOP» жанар-жағар май стансасының арты – Шыңғырлау көшесіне дейін — №34 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы Шыңғырлау көшесінен Шүкіров көшесіне дейін — №5 және №23 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы Шүкіров көшесі Бұхар көшесіне дейін — №42 орта мектеп.
  • Әмбебап дүкені ауданы «ЗапКазРЭК»-тен (ОралПЕТГАЗ) А.Құсайынов көшесіне дейін — №16 және №39 мектеп.
  • А.Құсайынов көшесінен Орал-1-ге дейін — №26 және №4 орта мектеп.
  • Орал 1-ден Т.Жароков көшесіне дейін — №35 орта мектеп.
  • Т.Жароков көшесінен Стеллаға дейін — №35 орта мектеп.
    Курени ауданы Стелладан Н.Назарбаев даңғылына дейін — №7 орта мектеп.
  • Курени ауданы Н.Назарбаев даңғылынан М.Горький көшесіне дейін — №19 және №21 орта мектеп.
  • Жәңгір хан көшесінен Коминтерн ауылына дейін, ветстанса ғимараты — №30 орта мектеп.
  • Коминтерн ветстансадан Свободная көшесі ¼-үйге дейін — №10 орта мектеп.
  • Коминтерн Онискин көлінен («Nur ER») «Стеновик» стадионына дейін — №47 орта мектеп.
    Шаған өзені жағалауына жақын аудандар бойынша
  • Пугачев ауылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейін — №45 орта мектеп.
  • Исатай-Махамбет көшесінен С.Даумов көшесі 79-үйге дейін — №50 орта мектеп.
  • С.Даумов көшесі 79-үйден Н.Сыдықов көшесіне дейін – БКМ.
  • Резервтік эвакопунктер — №38, №37 орта мектептер және эстетикалық бағыттағы гимназия.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-13
Утром-12.72 ℃
Днем-12.64 ℃
Вечером-8.57 ℃
Ночью-7.92 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.99 м/с
2026-02-14
Утром-8.08 ℃
Днем-4.35 ℃
Вечером-5.9 ℃
Ночью-7.57 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.35 м/с