Су басқан аумақтарда қалу қауіпті — ТЖД
Орал қаласының маңында орналасқан «Космос» және «Комаров» бау-бақша серіктестіктерінде бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осы сәтке дейін құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды алып шықты.
Хабарлама келіп түскен сәттен бастап өткізілетін іс-шаралар: тұрғындар қалып қойды деген аумақты барлау, адамдарды эвакуациялау және құтқару, тұрғын үйлер мен учаскелерді аралау, бақша серіктестігінің аумағындағы ахуалға мониторинг жүргізу.
Су тасқыны кезеңі басталған сәттен бастап алдын ала электр энергиясы және табиғи газ беру өшірілді.
Бұдан басқа, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен жергілікті жерді аэровизуалды тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта қалған тұрғындардың болуына саяжай үйлерін аралау жүргізілуде. Аралау барысында 15 тұрғын шұғыл эвакуацияланды, оларға қажетті алғашқы көмек көрсетілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 218 адамы, 26 бірлік техника және 4 жүзу құралы тартылды, ал байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық машина орналастырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
– құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;
– киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;
– электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар;
-эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені туралы ақпарат болса, ақпаратты 112 телефонына немесе жедел желі телефонына жіберіңіз!