Құжаты жоқ саяжайды су басқан жағдайда баспана беріле ме – министрліктің жауабы

Бүгінде жергілікті әкімдіктер жер телімдерін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: «ОА» фотоқорынан

Су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне де көмек беріледі. Жалғыз баспана болған жағдайда құжаты болмаса да үй бөлінеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты.

Министрліктің ресми өкілі Меруерт Ибраеваның айтуынша, су тасқыны болған аймақтардағы саяжай тұрғындары да назардан тыс қалмайды.

«Тұрғын үй құжаты болмаған жағдайда меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды», – дейді Ибраева.

Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Министрлік үш климаттық шағын аудан бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі. Олар:

Ауданы 80 шаршы метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай;

Ауданы 160 шаршы метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай .

Бүгінде жергілікті әкімдіктер жер телімдерін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үш жедел топ құрылды, оның құрамына салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді. Жедел топтар су басқан аймақтарға барып, сол жердегі ахуалмен танысты, жетекшілік ететін салалардағы объектілерді аралап, жан-жақты тексерді. Штаб өкілдері Ақтөбе, ⁠Қостанай, БҚО, ⁠Атырау, Павлодар, ⁠Абай, ⁠Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарын аралап шықты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-20
Утром14.43 ℃
Днем21.6 ℃
Вечером22.14 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра9.52 м/с
2025-06-21
Утром14.19 ℃
Днем15.67 ℃
Вечером19.93 ℃
Ночью15.63 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра9.83 м/с