БҚО-да Жайық өзенінің деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуш мәлімдеді.

– Жағдай күрделі. Себебі Жайықтағы су деңгейі әлі де көтерілуде. «Қазгидрометтің» мәліметінше, қазіргі деңгей 8 метр 62 сантиметрге жетті. Жалпы қауіпті деңгей-8 метр 50 сантиметр. Яғни, бұл қауіпті деңгейден 12 сантиметр жоғары, – деді Нұржан Төлеуш.

Оның айтуынша, жағдай 25-26 сәуірде нашарлауы мүмкін.

– Су деңгейі көтеріле береді деп болжануда. Орал қаласының маңында 25-26 сәуірде Жайық өзенінің деңгейі 9,5 метрге жетуі мүмкін, – деп толықтырды Нұржан Төлеуш.

БҚО ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев өңірде су басқан аумақтарда болу қауіпті екендігі жөнінде тұрғындарға үндеу жасады.

Р.Қасыбаевтың мәлім еткеніндей, Жайық және Шаған өзендерінде су деңгейінің қауіпті шектен асуына байланысты адам өміріне қауіп төніп тұр.

«Бұған дейін „Венера“, „Речник“, „Арматурщик“, „Учужный затон“, „Стеновик“, 1, 2 және 3-бау-бақша серіктестіктерінен эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты аталған саяжайларды су басты. Су басқан аумақтарға бару қауіпті. Әсіресе, Самара-Шымкент жолында жүрген 1, 2, 3-саяжай тұрғындарынан қауіпсіз жерге кетуді талап етеміз. Сондай-ақ „Самал“ ауданы тұрғындарына эвакуациялану керектігін қатаң түрде ескертеміз. Электр және газ құрылғыларын өшіріп, терезелер мен есіктерді жабыңыз. Үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріңіз» деді Р.Қасыбаев.

Ол сондай-ақ жақын маңдағы эвакуациялық пунктерге баруға кеңес берді.

Сенім телефоны 8-711-2-55-40-88.

Шұғыл қызмет телефоны101, 112.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром20.72 ℃
Днем26.35 ℃
Вечером29.26 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.24 м/с
2025-07-09
Утром20.58 ℃
Днем29.71 ℃
Вечером31.07 ℃
Ночью24.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.06 м/с