«Үйінің төленбеген 10 миллион теңге несиесі қалған»: Оралдық тұрғын су тасқынының қиыншылықтарын айтып берді

Жайық өзенінің деңгейі апатты межеден асып кетті. Салдарынан Орал қаласындағы саяжайлар түгелдей суға кетіп, 1 400-ге жуық адам эвакуацияланды. Қала маңындағы 1- саяжай тұрғыны 29 жастағы Топпасова Мөлдір қазір уайым үстінде жүргенін жасырмады. Айтуынша, екі жыл бұрын несие алып кірген баспаналары бүгінде судың астында қалған. Енді мойынында 10 миллион теңге қарызы төленбеген, құжаты дайындалып бітпеген, суға кеткен үйдің жүгі қалды.

Жағдайдан соң эвакуациялық пунктіге орналасқан келіншек Stan.kz тілшісіне Оралдағы қазіргі жағдай мен су тасқынынан кейін бастан өткергенін айтып берді.

Видеодан скриншот

Мөлдірдің жұбайы Атырау қаласында вахталық режимде жұмыс істейді. Келіншек қазір 8 және 3 жасар қыздарымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.

“Екі жыл бұрын бұл үйді несиеге сатып алған едік. Енді үшінші жылға таяғанда осындай табиғи апат болып отыр. Қазір мойнымызда несие тұр. Несиесі әлі төленіп бітпеген үйіміз суға кетті. Әрине, елмен бірге эвакуациялық пункттеміз. Гуманитарлық көмек те беріліп жатыр. Бірақ бұл жағдайдан соң әр күніміз уайыммен өтіп жатыр”, – деді келіншек.

Мөлдір отбасымен бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған. Кейін өз шаңырағында өмір сүруді армандап несие алып, үйлі болған. Алайда екі жылдан соң табиғи апаттың салдарынан баспанасыз қалды.

“Жолдасым ғана жұмыс істейді. Мен үш жасар қызыммен үйдемін. Үйімізге мемлекет тарапанынан көмек болатынына күмән болып отыр. Әрине жалғыз біз ғана емес, мұндай жағдайда қалып қойғандар қаншама. Осылай өзімізді жұбатып отырмыз. Дегенмен баршаға көмек берілуі де екіталай. Адам болғасын күнімізді көреміз”, – деп қосты ол.

Видеодан скриншот

Келіншектің айтуынша су басқан күні тұрғындар жиналып, 1-саяжайға әкімді шақыртқан.

“Онда да жолды жауып, шу шығарып шақырттық. Сол үшін бір-екі әйелге айыппұл салды. Келген соң тек “жағдайға қарай көреміз” деп, нақты ештеңе айта алған жоқ. Қазір су күннен-күнге көтеріліп жатыр. Су алғаш кірген кезде адамдарға үйлерінің төбесіне қойған заттарын алуға мүмкіндік болды. Ал қазір мүлдем кіре алмайтын жағдайға жетті. Тіпті ол жаққа баруға тыйым салды. Себебі су деңгейі үйдің төбесіне дейін жеткен. Енді кеше 2-саяжай түгелдей суға кетті”, – деді Мөлдір.

Оралдық тұрғын тіпті көмек алуға жүгіну үшін үйінің құжатында да қателер барын алға тартты. Айтуынша сатып алған кезде жер актісі дайын болмаған.

“Сатып алған кезде үйдің иесі жер актісінің әлі дайын болмағанын, алайда әкімдікке барлық құжатты тапсырып қойғанын көрсетті. Біз үйді актісіз алған едік. Кейін тасқын болғанда әкімдікке барып жағдайды түсіндірдік, олар маниторингтің 2026 жылы жүргізілетінін айтты. “Сондықтан жер актісі жоқ” деп болашақта қолдау берілмей қала ма деп те уайымдап отырмыз. Ең болмағанда үйге алған несиелерімізді жабуға қолғабыс етсе ғой”, – деп қорытты Мөлдір.

Видеодан скриншот

Қазір Оралда қаланың өзге де аймақтарын қорғау үшін қапшық бөгеттерін қою жұмыстары жалғасып жатыр. Әсіресе, ер адамдар күндіз-түні күзетіп, жан-жақтан жұмыс күшін шақыртып жатыр. Дегенмен еріктілердің айтуынша қаланың кей аймақтарына әсіресе түнгі күзетте бұл күш жетпей қалады екен.

“Су қаланың саяжайларынан бастап облыстық аурухана жақты, Стелла паркін басты. Қазір бәріміз құжаттарды жинап, кез келген жағдайға дайын отырмыз. Әсіресе, түнде су келіп қалғандай қорқыныш сезімі туындайды. Тіпті ұйықтай алмай судың дауысын еститін жағдайға жеттік”, – деді Маржан есімді қала тұрғыны.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-24
Утром6.52 ℃
Днем14 ℃
Вечером14.53 ℃
Ночью9.42 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра9.54 м/с
2024-05-25
Утром8.97 ℃
Днем19.55 ℃
Вечером21.52 ℃
Ночью15.3 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра6.32 м/с