«Ағып кете жаздады». Полиция қызметкері Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Орал қаласында ер адам тасқын сумен ағып кете жаздады.

Фото: ашық дереккөзден

Жергілікті тұрғындардың көпшілігі үлкен судың келетініне сене қоймады және эвакуациядан өз еркімен бас тартты. Бірақ Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжайларға су келе бастағанда, оларды ТЖМ және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күшімен шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбалардың бірінде ағын алып кете жаздаған адамды құтқарып қалғанын көруге болады. Ер адамды құтқарған БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов болып шықты. Оған ТЖМ қызметкерлері, «Ұлттық ұланның» әскери қызметшілері және сол төңіректе болған азаматтар көмекке келді.

Басқа видеода автор экран сыртындағы дауыс Бірінші және Екінші саяжай аудандарында бөгеттің бұзылғанын айтады. Саяжай тұрғындары көздеріне жас алып, өмір бойы тірнектеп жинаған дүние-мүлкі мен баспанасының суға кетіп бара жатқанына мұңая қарап отыр.

Сонымен қатар, Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кетті.

БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырымды құрады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-23
Утром12.51 ℃
Днем14.42 ℃
Вечером16.67 ℃
Ночью10.83 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.16 м/с
2024-05-24
Утром6.09 ℃
Днем13.6 ℃
Вечером15.36 ℃
Ночью9.97 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра9.23 м/с