Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге қауіп төніп тұр

Қаланы есептемегенде, бұл ауылдарда 80 мыңнан астам халық тұрып жатыр.

Фото: Орал қаласы әкімдігі

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін облыстың алты ауданы мен Орал қаласында 1 292 тұрғын үйді су басса, соның 902-сіне тұрғындар қайтып оралды. 375 үйде ешкім тұрып жатқан жоқ. 15-і бос тұр.

«Өңір тұрғындарына су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық залалды бағалау жұмыстары басталды. Қазіргі таңда суға кеткен үйлердің 1150-іне техникалық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес 276 тұрғын үй жарамсыз болып танылды. 47-сі күрделі жөндеуге жатады. 590 нысанға бағалау жүргізілді», – деді Қ.Айтмұхамбетов.

Оның айтуынша, облыс бойынша 108 мектепте 75 962 оқушы онлайн білім алып жатыр. Алдын ала су басқан учаскелерден эвакуациялау үшін 8 596 орындық 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Жалпы, су тасқыны басталғаннан бері барлығы 13 880 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, соның 5 748-і – бала. Қазіргі таңда 14 эвакопунктте 2 363 адам жатыр. Эвакуациялық пункттер қажетті азық-түлік, медициналық көмекпен қамтылған.

Фото: Орал қаласы әкімдігі

«Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 84 елді мекеніне қауіп әлі төніп тұр. Қаланы есептемегенде, бұл ауылдарда 80 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Сәуір айынан бастап Жайық өзені бойындағы елді мекендерде ұзындығы 135 шақырым биіктігі 2-4,5 метр бөгеттер тұрғызылуда. 1,1 млн-ға жуық құм салынған қапшық төселді. Бөгеттерді бекітуге 1 336 арнайы техника тартылса, соның 861-і – өзге өңірлерден көмекке келгендер. Күні бүгін 7 мыңға жуық облыс тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен қатар 3,5 мыңнан астам әскери қызметшілер тасқын сумен күресуде», – деді Қ.Айтмұхамбетов.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, күні бүгінге дейін 13 044 саяжай үйі суға кетті. Апаттық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 техника, 213 су сору құралы, 194 қайық және 5 тікұшақ жұмылдырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-23
Утром12.51 ℃
Днем14.42 ℃
Вечером16.67 ℃
Ночью10.83 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.16 м/с
2024-05-24
Утром6.09 ℃
Днем13.6 ℃
Вечером15.36 ℃
Ночью9.97 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра9.23 м/с