Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 862 сантиметрге жетті
Жайық өзенінде су деңгейі 10 сантиметрге көтеріліп, 862 сантиметр болды.

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілсе, қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.
Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.
Оралдың Самал шағын ауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Жайық өзенінде су деңгейі 10 сантиметрге көтеріліп, 862 сантиметр болды. Құтқарушылар бөгеттер тұрғызып, нығайтты. Уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Көшімде 18 сантиметрге көтеріліп, 851 сантиметрге жетті. Қауіпті шектен (850 см) 1 сантиметрге асып тұр. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 521 сантиметрді (+7) көрсетті.
Есесіне Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 сантиметрге түсті. Мұнда қазір – 900 сантиметр (қауіпті шегі – 1 250 см). Көшім каналында да 1 сантиметрге төмендеу (823, қауіпті шегі – 800 см) байқалады.
Шаған өзені Чувашин ауылында 9 сантиметрге көтерілді (740 см, қауіпті шегі – 1 300 см).
