БҚО өзендеріндегі судың деңгейі қандай?

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді.

«ОА» фотоқорынан

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, 24 сәуір күні сағат 08.00-де су деңгейі Оралдағы гидробекетте 863 сантиметрді (қауіпті шегі – 850 см) көрсетті, бұл кешегіден 1 сантиметрге кем.

Сол секілді Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 7 сантиметрге түсті (887 см, қауіпті шегі – 1 250 см).

Есесіне Көшімде 2 (858 см), Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 9 сантиметрге (538 см) жоғарылағаны байқалады.

Көшім каналындағы су деңгейі кешегіден (825 см, қауіпті шектен 25 сантиметрге асып тұр) өзгерген жоқ.

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.

Әскерилер Орал қаласында бөгеттерді нығайтуда. ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Орал қаласының Самал 1 ауданындағы бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда құтқарушылардың, әскери қызметшілерінің, еріктілердің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың бірлескен белсенді әрекетінің арқасында қалаға су кірген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с