Орал қаласында су астында қалған саяжайларда ешкім қалып қоймауы тиіс – Бектенов

Қажет болса, мәжбүрлі түрде көшіру керек.

Елімізде су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

«Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынымен күресті және халыққа көмектесу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр. Қазір үйлерді су басудың жаңа оқиғалары тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аумақты аралау жұмыстары іске асырылып жатыр», – деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, дәл қазір еліміз бойынша 25 324 адам өз үйлеріне оралды. 8 783 адам, оның ішінде 3 832 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан.

«4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, құрғатылды. Жедел желі телефонына 2 173 рет қоңырау шалынды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 806 су сору құралы, 310 жүзу құралы, 13 әуе көлігі жұмылдырылды», – деді ведомство өкілі.

23 сәуір күні Департамент бастығының орынбасары Нұрмахан Жалғасовтың басшылығымен су басқан аумақтарды толықтай тексеру жұмыстары жүргізілді. Саяжай маңындағы үлкен судың ортасында қалып кеткен екі азамат анықталып, қауіпсіз жерге шығарылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с