Батыс Қазақстанда 30 млн текше метр су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады.

Ресейден Саратов каналы арқылы келген тасқын судың 30 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетері, аталған көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған.

Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады. Жайық арқылы келген су «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне жиналады.

«Биыл тасқын суының қарқынды келуіне байланысты Жайық-Көшім жүйесіне 840 млн – 1 млрд текше метрге дейін су жинау жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Түскен су жүйе бойында орналасқан 65 мың гектардан астам шабындық алқабын, жазғы жайылымдарды суландыруға және су қоймаларын толтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары құрғауға айналған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және тағы да басқа табиғи көлдерге су жіберуге ниетті.

Соңғы отыз жылда Сарыөзен бойынша Жаңақазан ауылы маңындағы Айдын, Сарыайдын көлдеріне, Қараөзен бойынша Сарыкөл ауылына дейін ғана су беріліп келді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с