Батыс Қазақстанда облыстық жол қақ айырылып, су шайып кетті

Оқиға 26 сәуір күні Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі аумағында болды.

Фото: БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім еткеніндей, оқиға 26 сәуір күні Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі аумағында болды.

«Сағат 08.10-да Көнеккеткен және Қамыстыкөл ауылдарының арасында облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер автожолының 115-шақырымында жолды су шайып кетті (ұзындығы – 4-5 метр, ені – 8 метр). Осы тұста автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Көліктер айналма жол арқылы қатынап жатыр. Зардап шеккендер жоқ елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Оқиға орнында Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі Ұлдаш Қадырғалиева «Юнисерв» компаниясының қызметкерлері айналма жолды биіктеткеннен кейін Қамыстыкөл елді мекенімен арадағы байланыстың қалпына келтірілгенін жеткізді.

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарын күзетуде.

Ендігі кезекте Жайық өзені ағысының төменгі жағында орналасқан Ақжайық ауданында су тасқынына қатысты жағдайды қатаң бақылауда ұстау.

Көмекке барған Ақтөбе, Түркістан облыстарының құтқарушылары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстаннан Атырау облысына жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с