«Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген»: Оралда өз пәтерінен әйел өлі табылды

Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм әйел мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Фото: ашық дереккөзден

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 сәуір күні болды.

«Қазіргі кезде аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», -деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, іс 99-бап «Кісі өлтіру» бойынша тергеліп жатыр. Жедел іздестіру шаралары жүріп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қалалық білім бөлімі марқұмның ұқыпты әрі жауапкершілігі мол ұстаз екенін айтып берді. Мұғалімдік жұмыс өтілі 40 жыл, 35 жыл бір мектепте жұмыс істеген.

Никитина жұмыс істеген №9 мектеп ұжымы әлеуметтік желіде көңіл айтты.

«25 сәуірде мектебімізде құрылған күннен бастап жұмыс істеген бастауыш сынып мұғалімі Надежда Владимировна Никитина кенеттен көз жұмды, Надежда Владимировна жұмыс барысында бір емес бірнеше ұрпақ тәрбиелеп өсірді, өз ісінің кәсіби маманы, сүйікті ұстаз болды. Жүздеген ұлдар мен қыздар жақындары үшін орны толмас қайғы-қасірет”, – деп жазған мектеп ұжымы.

Көршілерінің айтуынша, ол мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр адам болған. Мұғалім бос уақытында өзі тұрған үйдің өміріне белсене араласты.

«Өте ақкөңіл, жауапкершілікті жақсы адам 24 жыл бірге тұрдық, ол жақында анасын жерледі, тоғыз күн болды. Күйеуі 10 жыл бұрын мерт болды. Оның артында екі қызы, бір ағасы және немерелері қалды», – дейді көршісі Әлия Есқалиева.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с