Медициналық қызметтер халыққа қолжетімді болады: ДСМ тарифтерді қайта есептеді

Тарифтер кезең-кезеңімен көтеріледі.

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен көтеруге кіріседі. Мемлекет қаржы бөлуде, ең бірінші кезекте балалар және босандыру қызметіне басымдық беретін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге шығынды тарифтерді қайта есептеді.

Негізгі мақсат – медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«2024 жылғы 1 маусымнан бастап қабылданған шешімдерге сәйкес жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтерілетін болады»,- деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға арналған қалта шығыстарын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру активтерінің есебінен қосымша бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығыстарын оңтайландыру нәтижесінде босатылды және 20 миллиард теңгені құрайды.

Абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыттар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-20
Утром14.75 ℃
Днем26.13 ℃
Вечером20.37 ℃
Ночью16.71 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.5 м/с
2025-04-21
Утром13.66 ℃
Днем24.35 ℃
Вечером24.28 ℃
Ночью18.1 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.43 м/с