Қазақстанға тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Бұл тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отыр.

фото: ашық дереккөз

Елімізге тауық жұмыртқаларын сырттан әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Шектеу Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағына автокөлікпен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен ел аумағына автокөлікпен үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге қойылған.

Еске сала кетсек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан оған мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отыр.

Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады. Нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толық өтеледі. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құнынан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады. Бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты, жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды. Бірақ бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеп соғады, — делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге автокөлікпен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын.

Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.5 ℃
Днем27.48 ℃
Вечером24.87 ℃
Ночью21.73 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.75 м/с
2026-07-13
Утром19.32 ℃
Днем28.75 ℃
Вечером24.78 ℃
Ночью21.5 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.11 м/с