Оралда «Таза Қазақстан» сенбілік науқаны «таза қаладан» басталды

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Кәсіпорындар, қала тұрғындары мен белсенділер шаһардың шырайын кіргізу жұмысына жұмыла кірісті. Сүйікті қаласының сәнін кіргізсек деген тұрғындар абаттандыру жұмысын қаланың шеткері аудандарынан бастады.

«ОА» фотоқоры

Аталмыш акцияға екі мыңнан астам тұрғын, 50-ден астам техникка жұмылдырылды. Орал қаласы тұрғын үй комуналдық шаруашылғы бөлімінің басшысы Азамат Халеловтың айтуынша, тазалау кезінде шаһардың шеткері аудандарына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру ісі де басты приоритеттердің бірі болмақ. Тозығы жеткен балалар ойын алаңдары жаңартылып, тал егіліп, ескерткіштер жаңартылады. Бұлақ көздерін ашуға да белсенділер мен қала тұрғындары атсалысатын болады.

«Сүйікті қаламыздың тазалығы барлығымызға ортақ іс. Әрт ұрғын сенбілікке шығып, игі іске үлесін қосып жатқан әр тұрғын отанымыздың гүлденуіне үлкен үлес қосуда. Барлығымызға белгілі бұл акция мемлекет басшысының тапсырмасымен 8 сәуірде басталды. Қалалар мен ауылдық елдімекендерді жинау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Бір айдан астам уақыта созылатын акцияға белсенді қатысуға шақырамын», – деді сенбілікке келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

«ОА» мұрағатынан

Айта кетейік, аталмыш тазалық науқанның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. Одан соңғы аптаға  «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ал «Жасыл аймақ« аталатын үшінші аптада көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. «Өнегелі ұрпақ« деп аталатын аптада ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек көрсетіледі. Одан соң ел болып, «Мөлдір бұлақ« атауы берілген акцияның соңғы, бесінші аптасында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем22.19 ℃
Вечером19.11 ℃
Ночью18.3 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.05 м/с
2026-06-09
Утром15.85 ℃
Днем23.9 ℃
Вечером22.5 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.08 м/с