Жайықтың төменгі ағысындағы жағдай
Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілді.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 25 сантиметрге көтерілді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 (854 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 5 (846 см, 850 см), Көшімде 3 (849 см, 850 см) сантиметрге түсті.
Сондай-ақ Көшім каналында бірден 40 (780 см, 800 см), Елек өзені Шыңғырлауда 22 (683 см, 750 см) сантиметрге төмендеді.
Шаған өзені Чувашин тұсында 725 сантиметрді (-4, қауіпті шегі – 1 300 см) көрсетті.
«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді.
Облыстық жедел штабтың мәіметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.
Жайық өзені — Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен
Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 434 см, тәулігіне + 3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.
Сонымен қатар, Оралда Жайық өзенінің деңгейі түсіп жатырғанымен, су басу қаупі қазір жер асты суларынан туындауда. «Венера» саяжайындағы үйлерде жер асты сулары шығып жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жайық өзенінің қазіргі жағдайы
