Қазақстанда автожол сапасын бақылайтын жоба іске қосылды

Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек.

Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Аталған жоба қоғамның еліміздегі жол нысандары сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған, деп хабарлайды Көлік министрлігі баспасөз қызметі.

Бұл – салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша еліміздің әрбір азаматын қоғамдық бақылауға шақыруды мақсат тұтқан жоба. Анықталған кемшіліктерге және мәселелерге ден қоятын Көлік министрлігі оларды қысқа мерзімде шешуді көздейді.

«Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұрғылықты елді мекен мен облысты көрсету қажет», делінген хабарламада.

Нысандарды аралау кестесін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ www.qaj.kz ресми сайты арқылы көруге болады.

«Халықтық бақылау» жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с