«Билік өкілдері түңілдіріп жіберді»: Оралдың үйсіз қалған халқы Парламентке хат жазды. Депутаттар не дейді

Ulysmedia.kz редакциясына Орал қаласы тұрғындарының Мәжіліс депутаттары Нартай Аралбайұлы, Ринат Зайытов, Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Асхат Аймағанбетовке жазылған өтініші келіп түсті.

Коллаж: ulysmedia.kz

Талабымыз – тек пәтер

Хат мәтінінде Ulysmedia.kz редакциясы бұған дейін жазған мәселе көтерілген. Жайық, Шаған өзенінің суы тасып, саяжайдың мыңдаған тұрғыны үйсіз қалғандықтан, бәрінің уайымы бір – олар «енді далада қаламыз ба» деп алаңдайды.

– Біз Орал қаласының су тасқынынан зардап шеккен азаматтары, осы өтінішімізді үкіметбасы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жеткізулеріңізді өтініп сұраймыз.

Президент өз сөзінде зардап шеккендерді ешқандай санатқа бөлмей, шығыны өтеледі, үй беріледі дегенімен, беруге келгенде билік өкілдері түсініксіз ережелермен миымызды қатырып, жігерімізді сөндіріп, өмірден түңілдіріп жіберді. Біз арыз-шағымымызды кімге барып, кімге айтарымызды білмей қалдық.

Су тасқыны оқыс жағдайда болғандықтан су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының кейбірінде құжаттары дұрыс емес, бірақ бірнеше жылдан сол үйде тұрып жатыр. Кей азаматтар өзінің еңбегімен салған үйінің құжатын рәсімдеп үлгермеген. Кей азаматтардың үйі ата-анасының, туыстарының атында қалып қойған. Сондай азаматтарға және атында тағы да жылжымайтын мүлкі бар немесе суға кеткен баспанасынан басқа екінші ипотекаға алынған аядай пәтері болғандықтан бүлінген, яғни суға кеткен үйі есепке алынбай, орнына үй берілмейін деп отыр. Сол себептен қарайған дүниеміз, еңбегіміз, жиған-тергеніміз еш болғалы отыр. Біз оған келіспейміз. Бізге үй беруін талап етеміз. Біздің балаларымыздың баратын, тұратын үйі қалмай отыр. Сол суға кеткен баспанамызды салу үшін талай банк жағалап, кредит алып, екі есе төлеп отырмыз. Суға кеткен баспанамыздың орнына үй, пәтер берген жағдайда жерімізді орман шаруашылығына беруге келісеміз. Біздің үкіметте талабымыз тек қана – пәтер! Өтініш иесі Орал қаласының саяжай тұрғындары, – делінген хатта.

Жекелеген мәселелер сотқа да баруы мүмкін

Батыс Қазақстаннан Парламентке депутат болып сайланған Абзал Құспан да мәселеден хабардар екен. Ол бас прокурордың алдында арнайы мәселе көтермек.

– Осындай ауқымды іс-шаралардың басында реттелмеген мәселелер болады. Жекелеген мәселелер сотқа дейін баруы мүмкін. Қазір алдын ала бәрін реттеу тастау мүмкін емес. Мысалы, әрбір аудан, ауыл, саяжайларға қатысты комиссиялар құрылады. Сол комиссиялардың құрамында өздерінің ішінен өзін-өзі ұйымдастыру деген болуы керек. Өз ішінен белсенді азаматтарды жергілікті комиссия құрамына кіргізсін. Жергілікті атқарушы органдар бұған кедергі келтірсе, бұл мәселені маған жеткізсін, – дейді ол.

Мемлекет кінәлі ме – көтеруі керек

Заңгер депутаттың айтуынша, қолданыстағы заңның талаптары мүлде бөлек. Ал үкімет тарапынан жалпылама айтылған сөз бар, оған сәйкес, саяжаларда тұратын азаматтарға 80 шаршы метрден аспайтын үй беріледі. Құжаттары болсын-болмасын, іс жүзінде тұрып жатқан азаматтар – егер суға кеткен жалғыз үйі болса, сол баспананы алу мүмкіндігі бар. Абзал Құспанның сөзінше, заңбұзушылық басынан бастап орын алған: жергілікті атқарушы органдар үй салуға болмайтын орында баспана салуға рұқсат беріп, жарық тартып берген, азаматтарды тіркеуге тұрғызған.

– Ол – мемлекеттің мойнындағы кінә ме, демек, оны мемлекет көтеруі керек! Бірақ жекелеген жағдайлар болмай тұрмайды. Бұл жерде “былай болады” деп кесіп айту мүмкін емес. Заңгер ретінде айтарым, бүкіл мәселені реттейтін заң жоқ, оның болуы мүмкін де емес. Өмірде бүкіл жағдайды заңмен реттеп қоя алмаймыз. Бірақ заңның жоқтығы да азаматтарға баспана беруге мүмкіндік береді. Ол үшін комиссия жұмысына белсенділер аралассын. Сәл сауатты қимылдау керек, – дейді ол.

Әлеуметтік желіде Абзал Құспан арнайы чат ашып, оған Оралдағы саяжай бірлестіктерінің басшыларын қосқан. Мәліметтерді алдырған. 21 мыңнан астам азамат жыл бойы саяжайдағы үйінде тұрғанын анықтаған.

Қалада үйі бар, бірақ саяжайдағы үйі үшін ипотекалық несие төлеп жатқан азаматтардың шығындары қалай өтеледі деген сұраққа Абзал Құспан былай жауап берді.

– Келтірілген мүлік шығындары өтеледі. Бірақ бұл жерде мәселе бар: біз тағы да уақытша шешім қабылдаймыз ба, әлде мәселені түбегейлі шешеміз бе? Орал үш өзеннің ортасындағы қала. Әрбір өзеннің су қорғау аймағын бұза отырып, үй салуға рұқсат етіп қойдық. Ол жергілікті атқарушы органдардың кінәсі. Қай әкімнің тұсында беріліп кеткені үлкен зерттеуді қажет етеді. Осы үйлерді келесі жылы да су алуы керек пе? Қаражат беріп үйін жөндеп бергеннен не ұтамыз? Бұл ақшаны далаға шашу болады. Қанша қиналсақ та, 30 жыл бойы шешімін таппай келе жатқан осы мәселені қазір шешуіміз керек. Ол үшін Жайық, Шаған өзенінің жайылмасының отырған, тұрақты орналасып қалған үйлерді басқа жер берсек те, “ПДП” жасап, инфрақұрылымды тартып, көшіру жағын қарастыру керек, – дейді Абзал Құспан.

Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с