ІІМ-нің бұрынғы басшысы Тұрғымбаев ұсталды

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Антикор Tengrinews.kz сауалына жауап бермеді. Алайда редакцияның дереккөздері бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерінің ұсталғанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер барысында Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған. Осылайша Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарғандай болды.

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазып жатыр.

“Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады», – делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-02
Утром-0.86 ℃
Днем0.47 ℃
Вечером-1.54 ℃
Ночью0.13 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.94 м/с
2024-12-03
Утром-0.63 ℃
Днем1.09 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.58 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.6 м/с