Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағында QR код арқылы төлеу қызметін іске қосты

Қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ.

Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Бүкіл Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады.

Көптеген қазақстандықтар Қытайда жұмыс істеп, оқиды әрі демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі басшылыққа аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ -ке серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз! – деді Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

«Alipay + Kaspi.kz-ті пайдаланушылардың көбі үшін Қытайдың материк бөлігіндегі мобильді төлемдердің кедергісіз процесін қамтамасыз ету үшін, біздің тұңғыш және Қазақстандағы жетекші үздік Kaspi.kz қосымшасымен серіктестік орнатқанын қуана жариялайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz-ті пайдаланушылар үшін саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологияларымызды дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыра бермекпіз», – деді Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International) Венеция Ли.

Тұтынушыға сатып алған зат ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасын ашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік беру қажет. Немесе сатушының QR кодын сканерлеуге болады.

Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен оқуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-24
Утром13.93 ℃
Днем23.78 ℃
Вечером23.82 ℃
Ночью17.38 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.6 м/с
2025-04-25
Утром15.56 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером19.26 ℃
Ночью14.6 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.43 м/с