«Орал-Атырау» автожолын қайта жаңарту 2026 жылға дейін басталмайды-ҚР Көлік министрлігі

Үкімет бұл жолды 2022 жылдың соңына дейін қайта құруды қаржыландыру туралы шешім қабылдауға уәде берді. Алайда, қазір, 2024 жылы бұл жобаның мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы әлі расталмағаны белгілі болды,-деп «ОА» редакциясына вице-министр Талғат Ластаевтың ресми жауабы келді.

«Орал-Атырау» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерін қайта жаңарту Үкіметтің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1116 Қаулысымен Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына енгізілді.

«2025 жылдан бастап қаржыландыру бөлінген кезде «Атырау-Орал» а/ж (320 км) («Атырау-Индер», «Орал-Чапаево»учаскелері) қайта жаңарту бойынша дайындық жұмыстары басталады.

Жобаны дайындау шеңберінде техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады, онда жобалау шешімдері қабылданатын болады.

Техникалық құжаттама әзірленгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жіберілетін болады.

Қаражат бөлінгеннен кейін мердігерлік ұйымдарды анықтауға конкурстар жарияланады, олармен ҚМЖ шарттары жасалады.

Жобаны шамамен 2026-2030 жылдар кезеңінде іске асыру жоспарлануда», — деп хабарлады вице-министр Талғат Ластаев.

Бұған дейін, 2021 жылы көлік министрлігінде 3-ші санатқа жатқызылған бұл магистралды 1-ші санатқа дейін қайта жаңарту жоспарланып отырғаны және сегіз жобалаушы Компания «Атырау-Орал» Республикалық маңызы бар жолдың 303 км-ін қайта жаңартуға арналған құжаттаманы әзірлеуді бастағаны туралы хабарланған болатын. онда қарсы көлікке арналған бөлу қоршауы және малға арналған жерасты өткелдері пайда болады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: «Орал-Атырау» тас жолы қайта жаңартылады

Орал-Атырау жолы өлім-жітім жиі болатын трассалар тізімінде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-16
Утром19.69 ℃
Днем25.04 ℃
Вечером23.95 ℃
Ночью19.4 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.7 м/с
2026-06-17
Утром17.46 ℃
Днем25.58 ℃
Вечером18.97 ℃
Ночью15.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.48 м/с