Той-томалақсыз: ҚР Білім министрлігі соңғы қоңырау бойынша ұсыныстар берді

Ведомство басшысы елдегі 186 мың мектеп бітірушілер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады.

Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығын қатаң ескертемін. Осыған орай, оқу бағдарламаларын жыл бойы табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр, жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуға тиіс, – деді министр.

Оның айтуынша, педагогтердің ұсынысымен мамырда «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және т.б. шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар ведомство басшысы елдегі 186 мың мектеп бітірушілер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

Биыл түлектердің аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін биыл мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын хабарлаған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром12.66 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.05 м/с
2025-05-18
Утром14.92 ℃
Днем22.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.21 м/с