Келген шығындар үшін жауапты шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс-Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бүгін мәжілісте Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сөзінде жергілікті атқарушы билік органдары мен құқық қорғау органдары БҚО-дағы су тасқыны салдарын жоюға арналған бюджеттің шамадан тыс шығындары үшін жауап беруі тиіс екенін айтты.

Абзал Құспан

Депутат облыстың мемлекеттік органдарын жермен теріс пайдаланудың бірқатар фактілерін атап өтті, атап айтқанда, саяжай учаскелерін тұрғын үйлерге ресімдеу және оларға газды мемлекеттік есебінен жеткізу, саяжай серіктестіктерінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу. Құспан «2-ші саяжай» ауданындағы «Нұрлы жол» тұрғын алабы туралы айтты. Қазір Үкімет осы тұрғын алабының тұрғындарына келтірілген залалды өтеу бойынша шығындарды қайтадан өз мойнына алып, бюджет есебінен үйлерін қайта салуға мәжбүр.

Депутат Бас прокурорға жолдаған сөзінде БҚО прокуратурасы жергілікті атқарушы биліктің заңсыз әрекеттері фактілеріне немқұрайлы қарайтынын және облыс халқының Заңы мен құқықтарын қорғай алмайтынын айтты.

Мемлекеттік органдар басшыларының заңды бұзғаны туралы дәлелдері бар дәйексіз фактілерге прокуратура шара қолданбайды, — деді Мәжіліс депутаты.

Депутат су тасқыны болып жатқан өңірлерге кешенді түрде тексеру жұмыстарын жүргізу керегін айтты.

Оның айтуынша, аталған салғырттыққа және келген шығындар үшін жауапты шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс.

2011 жылы орын алған су тасқынынан БҚО билігі сабақ алмағанға ұқсайды, сол кезде де бүкіл мамандар өзен жағасынан үй салуға рұқсат бермеу керек деп дабыл қаққан болатын, енді сол кезде суға кеткен жерлер тағыда суға кетті. Сол уақытта мысалы, Самал ауданы саяжайының тұрғындарына деп мемлекет облыс орталығынан үй салып берді, алайда саяжай жерлерін мемлекет қорына қайтарып алған жоқ, енді сол саяжай тұрғындарына мемлекет тағыда үй салып беру керек пе? Үшіншіден, ол аз болғандай, 2011 жылдан кейін Орал қаласының төңірегінен көрінеу суға кететін жерлерден жаңа тұрғын үйлер, іс жүзінде жаңа мөлтекаудандар пайда болды, соның бірі толықтай суға кетіп қалған «Нұрлы жер» ауданы. Схема өте қарабайыр, бірақ ол ондаған жылдар бойы еш кедергісіз жұмыс жасауда, әкімдікке жақын пысықтар мен пысықайлар гектарлап тегін жер алып алады да, қара халыққа он сотықтан бөліп сатады, болды!, — дейді Абзал Құспан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с