Қазақстанда жеке куәлік дизайнына өзгеріс енгізілуі мүмкін

ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне өзгерістер дайындады.

Қазақстанда жеке куәліктің форматына өзгерістер енгізу жоспарлануда: құжатқа бірнеше жаңа баған қосылуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағына «жынысы» бағанасын қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бұрынғыдай азаматтың суреті, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және ЖСН болады. ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны.

ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны. Фото : ҚР ІІМ 

Сыртқы жағында енді штрих-код түрінде кодталған ЖСН, сондай-ақ тұлғаның азаматтығы туралы ақпарат болады. Бұл деректер құжаттың жоғарғы жағында орналасады деп жоспарланып отыр. ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны.

ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны. Фото: ҚР ІІМ 

Бұйрық жобасы 21 мамырға дейін қоғамдық жария талқылауда болады, ал жаңа ережелер 1 маусымнан бастап күшіне енеді деп жоспарлануда.

Түсіндірме жазбада хабарланғандай, осы бұйрықты қабылдаудың мақсаты – жеке куәліктің көрнекі аймағына оның иесінің жынысы мен азаматтығы туралы қосымша мәліметтерді енгізу.

«Электрондық үкіметтің» ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Оның аумағында тұрақты тұратын ҚР барлық азаматтарының жеке куәлігі болуы міндетті. Жеке куәлік 10 жылға беріледі.

ҚР азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігі бойынша не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз 10 күннен 1 айға дейінгі мерзімде тұруы ескертуге әкеп соғады, осы мерзім өткеннен кейін азамат ҚР ӘҚБтК 492-бабының 2-бөлігі бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұқсас құқық бұзушылық 13 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 3-бөлігі).

NUR.KZ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.29 ℃
Ночью29.38 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с