БҚО-дағы су тасқыны: тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда

БАҚ қызметкерлеріне арналған брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов төтенше жағдай салдарынан облыста 1321 тұрғын үйге зиян келгенін айтты.

Қазіргі таңда 1208 үй техникалық тексерістен өткен. Оның 420-сы тұруға жарамсыз деп танылған.

– Қаратөбеде 90, Сырымда 114, Теректіде 85, Бәйтеректе 7 және Бөрлі ауданында 124 үй жарамсыз деп танылды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандарда жарамсыз деп танылған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс басталды, – деді Т. Каюпов.

Аталған аудандарда жарамсыз деп танылған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Атап айтқанда, салынатын жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, ескі орындары бұзылып, жер жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар зардап шеккендерге 100 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек (369,2 мың теңге) көрсетілуде. Казіргі таңда 1 893 отбасы 688,3 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Су тасқыны салдарынан 2 342 бас мал шығынға ұшырады, соның ішінде 341-і — ірі қара, 63-і — жылқы, 1 741-і — ұсақ мал, 116-сы — шошқа және 81-і — үй құсы.

Бұл бағыттағы шығындарды өтеуге облыстық бюджеттің резервінен 187,5 млн теңге бөлінді.

Күні бүгін 141 өтініш білдірушіге 126,9 млн теңге көлемінде 1 мың бас мал шығыны өтелді.

«Материалдық мүлікті өтеудің жоғарғы шекті құны 150 АЕК-ке дейін болып белгіленді (553,8 мың теңге). Материалдық мүлікті өтеу тиісті бағалау жұмыстары өткізілгеннен кейін жүргізілетін болады. Бизнеске келген шығындарды анықтау арнайы құрылған комиссиямен жүргізілуде. Облыс бойынша 100 субъекті (Бәйтерек — 24, Теректі — 37, Сырым — 7, Қаратөбе — 8, Бөрлі — 8, Орал қаласы — 16) зиянға қалды» деді Т.Каюпов.

Тілепберген Ерсайұлының сөзіне қарағанда, су тасқынынан зардап шеккендерге несие бойынша төлемдер 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады.

Су тасқыны салдарының әсеріне байланысты туындаған төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.96 ℃
Ночью28.14 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с