Оралда жол белгілерін өздігінше бояған азамат ұсталды

Оралда полиция қызметкерлері арнайы жол белгілерінің сызықтарын бояған азаматты анықтады.

Фото: Polisia.kz.

БҚО ПД Орал қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты мамандарымен бірлесе отырып, қала жолдарында ақ жолақтарды бояу жұмыстарын жүргізді.

Яғни көлік құралдарына ыңғайлы болу үшін, қала көшелеріндегі жол бағыттары айқындалып, қозғалыс жолақтары сызылып, рең беріліп, жол үстіндегі сызықтардың анықтығы тексеріліп, айналма жолдар сырланып жатыр.

Бұл ең бірінші темір тұлпар тізгіндеген жүргізушіге жағдай туғызып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылмауына себепкер болады.

Алайда осындай іс- шараларға немқұрайлы қараған қаланың бір тұрғыны 1 мамыр күні Орал қаласындағы көшелердің бірінде қарсы беттегі жол үстіндегі ақ жолақты кері қара сырмен сырлағанын тәртіп сақшылары анықтады.

Бұл тұрғынға Орал қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-тармағына сай әкімшілік хаттама толтырды.

– Жол үстіне жолақтардың сызылуы – жол қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Өзіміздің өзгелердің жол үстіндегі қауіпсіздігіне салғырт қарамайық, – деп ескертеді полицейлер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром23.04 ℃
Днем28.39 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с