«Охотзоопром» қызметкерлері атқан 43 мыңнан астам киіктің 1132-сінен ғана консерві дайындалған

Олар Астана, Қостанай және Арқалық қалаларында сатылды.

коллаж: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етін консервілеу бойынша мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Фонд-бюро расследования коррупции Telegram-арнасы хабарлады.

2023 жылы ақбөкен етінен 5 425 келі консерві өндірілген. Олар Астана, Қостанай және Арқалық қалаларында сатылды.

Консервілерді шығарумен бір ғана кәсіпорын – «Торғай ет» ЖШС-ның айналысқаны атап өтілді. Ал ақбөкен етін бұқтыру былтыр желтоқсан айында тоқтатылған.

Ет өңдеу кәсіпорындары киік етін өңдеу міндетін қойған жоқ. Өйткені олар негізінен ірі және ұсақ малды союға бағытталған, – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін Экология, геологиия және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 6 қазанынан бастап, «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны 43 503 ақбөкенді атып тастағанын мәлімдеген болатын. Бірақ осы ведомство мен Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда атылған киіктердің қаншасынан консерві жасалғанын, қаншасы экспортқа шығарылғанын және қаншасы ішкі нарықта сатылғанын айтпады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2023 жылдың 30 қазаны мен 10 желтоқсаны аралығында 1 132 ақбөкен атылып, тапсырылғанын хабарлады. «Торғай ет» ЖШС ет комбинаты 11 243 дана консерві өндірген. Сондай-ақ 1 ыдыс бұқтырылған еттің бөлшек саудадағы бағасы 1 мың теңге екені айтылды.

Ет комбинаттарына 1 132 ақбөкен жеткізілсе, Экология, геологиия және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған 43 503 бас киіктің қалған бөлігі қайда екені белгісіз.

Halyq Uni

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО әкімі ет комбинаттарынан киік етінің қайда кеткенін айта алмады

Халық тарапынан киік етіне сұраныс аса жоғары емес – БҚО әкімі

Ақтөбеде атылған 820 киік ұшасы қабылданбай, киіктердің еті бұзылып кеткені айтылды

Оралда киік еті сатылып жатқаны хабарланды

Қазақстанда киіктерді сою үшін жеті ет комбинаты анықталды

Батыс Қазақстанда киік еттері төрт комбинатқа жөнелтіліп жатыр

Киіктерді аулау: 226 мың бас жануарды «Охотзоопром» РМК-ның БҚО-дағы филиалы етке жіберуі тиіс

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем0.49 ℃
Вечером0.41 ℃
Ночью0.3 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.33 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером0.06 ℃
Ночью-0.65 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.29 м/с