Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ

Заң жобасы шеңберінде «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске ресми техникалық байқау үшін айыппұлды 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделгені хабарланды.

«Техникалық байқауды ресми жүргізудің (жүргізбеудің) салдары техникалық ақауы бар көлік құралдарының жол жүрісіне жіберілуінен көрінетінін атап өткен жөн, бұл жол-көлік оқиғалары, оның ішінде өліммен аяқталатын оқиғалар санының өсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты айыппұлдар осындай құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы және олардың одан әрі жасалуына жол бермеуі тиіс», — делінген хабарламада.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылықтар үшін техникалық байқау операторының қызметіне 3 жылға дейінгі мерзімге рұқсаттан айыру көзделген.

Сондай-ақ, осы заң жобасы шеңберінде техникалық байқау операторларының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту — хабарлама жасау тәртібінен рұқсат беру жүйесіне көшу көзделген.

«Осы түзетулерді қабылдау автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық байқау операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп сенеміз», — деп атап өтті көлік министрлігі.

Қазір нарықта бұл қызметті 960-қа жуық техникалық байқау операторлары көрсетеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-16
Утром19.69 ℃
Днем25.04 ℃
Вечером23.95 ℃
Ночью19.4 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.7 м/с
2026-06-17
Утром17.46 ℃
Днем25.58 ℃
Вечером18.97 ℃
Ночью15.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.48 м/с