Оралдың саяжайларында үйі суға кеткен тұрғындарға әкім Төреғалиев қандай уәде берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралда су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті. Кездесуге келген тұрғындар су басқан саяжайларын қалпына келтіру, жаңа үй алу, әлеуметтік көмек мәселелерін айтты.

БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тасқыннан зардап шеккен №1, 2, 3 және «Нұрлы жол» саяжайларының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге келген тұрғындар тарапынан өзектілігін жоғалтпай отырған бірқатар сұрақ қойылды. Тұрғындар су басқан саяжайларды қалпына келтіру, жаңа үй алу, әлеуметтік көмекке жүгіну және т.б мәселелер алаңдатып отыр.

Әр зардап шеккен азаматқа тиісті көмек керсетілетін атап өткен облыс әкімі бүгінде Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын бастағанын айтты.

Нариман Төреғалиевтің сөзінше, кезең-кезеңімен барлық саяжай техникалық зерттеуден өтеді. Тұрғындар көмексіз қалмайды. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер берілуде, аталған жұмыстар жалғасын табады.

БҚО әкімдігі

Бүгінде облыс бойынша зардап шеккен 2264 отбасыға, оның ішінде саяжайда тұратын 863 отбасы бар, 813 млн теңге көлемінде (100 айлық есептік көрсеткіш) біржолғы әлеуметтік төлем берілген. Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдер төлеу жалғаспақ.

Аталған кездесулерді облыс, қала басшылығы жиі өткізетін болады. Нариман Төреғалиев азаматтардың мәселелерін бақылауда ұстайтынын жеткізді.

– Тұрғындар көмексіз қалмайды. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер берілуде, бұл жұмыстар жалғасын табады, – деді Нариман Төреғалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с