Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Ведомство төтенше жағдай, соның ішінде орман өрттерін сөндіру кезіндегі орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттырады.

Қазақстанда орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

«Экология министрлігі жанындағы жаңа азаматтық қорғау қызметі төтенше жағдай, соның ішінде орман өрттерін сөндіру кезіндегі орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттырады», — делінген хабарламада.

Бөлек қызметтің қажеттілігі орман өрттерімен күресудің ағаштарды көбейту мен ағаштарды кесуге ғылыми көзқарасты, алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауды және тиісті құзыреттерді дамытуды талап ететіндігінен туындап отыр.

Жаңа қызмет пайда болғаннан кейін мемлекеттік органдар мен ведомстволар орман өрттерін, әсіресе, ірі көлемдегі өрттерді жоюда ұйымдаса жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ жаңа қызмет орман шаруашылығы кәсіпорындарын техникамен және құрал-жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ сапалы кадрларды қалыптастыруға көмектеседі, деп есептейді үкіметтегілер.

«Бүгінде Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар, олар елдің тіршілікті қамтамасыз ететін жекелеген институттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған», — деп еске салды министрлер кабинеті.

Олардың қатарында мына мекемелер бар:

  • Өртке қарсы қызмет,
  • Медициналық қызмет,
  • Химиялық қорғау қызметі,
  • Инженерлік қызмет,
  • Радиациядан қорғау қызметі,
  • Ұлттық гидрометеорология қызметі және тағы басқа.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с