Жол ережесін бұзған электр самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады

БҚО полиция департаменті көктемнің басталуымен самокат жүргізушілерімен ешқандай оқиға болмағанын, олармен ЖҚЕ сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Әлегі көп шағын көлік маусымын полицейлер профилактикалық рейдпен бастады. Тұрғындарға жол жүру ережесі түсіндірілді. Самокатпен көліктермен бірге жүруге оқталған адам 18 жасқа толуы керек және қолында жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Велосипед жолы мен жолағы болмаған жағдайда электр самокаттарының жүргізушілеріне жолдың оң жақ жиегімен, яғни, оның ішінде маршруттық жүретін көліктерге арналған жолақпен бір қатарға жүруге рұқсат етіледі.

Самокат тізгіндеген адам қай жолмен жүрсе де сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруі қажет. Самокатпен жолаушы және жүк тасымалдауға, бір жолақтан көп жерде солға бұрылуға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге болмайды. Міндетті түрде арнайы бас киім кию қажет. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын дүниесі болуы керек.

Шағын электрлі көліктер мен электр самокаттарының жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін, сондай-ақ “Жол жүрісі туралы” заңда белгіленген өзге де талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Электр самокат тізгіндегендер – біздің жіті назарымызда дейді тәртіп сақшылары. Ережені елемеген адам айыппұл арқалайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-8.01 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-6.15 ℃
Днем-4.47 ℃
Вечером-3.91 ℃
Ночью-4.37 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.23 м/с