Қалалық саябақ жуық арада ашылмайды

Саябақ аумағының бір бөлігі әлі су астында.

«ОА» мұрағатынан

Жақында су тасқынынан қалалық мәдениет және демалыс саябағы зардап шекті. Мұнда Шаған өзені толып, «Телеорталық» ауданы жағынан аумаққа су кірді. Ал мұз жүру кезінде тасқын пирсті зақымдады.

Саябақ директоры Нұржан Аюповтың айтуынша, қазір өзендегі су деңгейі төмендеуде. Дегенмен, демалыс орны аумағының бір бөлігі су астында қалып отыр, оның ішінде кіреберістегі басты аллея. Қазір саябақ қызметкерлері көп мөлшерде ағыспен келген қоқыстардан саябақты тазартып жатыр.

– Біз аттракциондарды уақтылы эвакуацияладық, сондықтан оларға зиян келтірілмеді. Бірақ ағын пирсті зақымдады, кафелер де су астында қалды. Ағаштар су астында. Сондықтан су шегінгеннен кейін оларға қаншалықты зиян келтірілгені анық болады. Шырша, емен және қайың аллеясының көшеттері су астында тұр, — деді Нұржан Аюпов.

Бүгінде саябақта қоқысты шығаратын техника жұмыс жасауда. Бөгеттер де әлі тазаланбады. Алайда, саябақ аумағында масалар мен шыбын-шіркейді улау жұмыстары жүргізілуде. Су шегінгеннен кейін мамандар демалыс орнын дезинфекциялау жұмысын жасайды.

Басқаша айтқанда, оралдықтар сүйікті саябаққа әзірге бара алмайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-11
Утром-7.86 ℃
Днем-6.08 ℃
Вечером-4.84 ℃
Ночью-5.26 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра5.8 м/с
2025-12-12
Утром-3.07 ℃
Днем-1.22 ℃
Вечером0.33 ℃
Ночью-0.21 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.52 м/с