БҚО медициналық мекемесі 9 мың теңгеге скотч сатып алғысы келген
Нарықтық бағасы 250-500 теңге болған кезде скотчтың бір бірлігі 9 мың теңгені құрады.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте хабарлағандай, «Бірыңғай сатып алу терезесі» жүйесінің мониторингі кезінде еріктілер кеңсе тауарларына сатып алу бағасының жоғарылатқандарын анықтады.
Денсаулық сақтау ұйымы жалпы сомасы 4 500 000 теңгеге немесе бірлігіне 9000 теңгеге скотч сатып алуды жоспарлаған, мұндай бір скотчтың орташа нарықтық құны 250-500 теңгені құрайды.
Волонтерлардың ұсыныс хат жолдауы арқылы 4 250 000 теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды.
Бүгінгі таңда ақпараттық жүйе мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет қаражатын онлайн-режимде ұтымсыз пайдаланудың алдын алу жөніндегі пәрменді құрал болып табылатынын атап өту маңызды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы еріктілердің қырағылығының арқасында 37 250 000 теңге үнемделді.
