БҚО-да жыл басынан бері А гепатитінің тоғыз жағдайы тіркелген
Облыс эвакопункттерінде балаларға А гепатитіне қарсы вакцина егілді.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, облыс бойынша осы жылдың төрт айында салыстырмалы түрде тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан.
— Топтық сырқаттанушылық, құтыру, тырысқақ, оба, сібір жарасы сияқты аса қауіпті инфекциялар, сондай-ақ дифтерия, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит, безгек, сіреспе жағдайлары тіркелген жоқ. Жіті ішек инфекцияларының эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде. Өткен жылмен салыстырғанда дизентериямен сырқаттанушылықтың 14 жағдайға төмендеуі байқалады. Сальмонеллез ауруының 8 жағдайға төмендеген, — деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.
Оның айтуынша, су тасқыны бойынша тұрақсыз Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында және Орал қаласында су тасқыны басталғаннан бері ішек инфекциясы тіркелген жоқ.
— Облыс бойынша жедел вирустық А гепатитінің 9 жағдайы тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде — 12 жағдай. А вирустық гепатитінің барлық жағдайлары су тасқынымен байланысты емес. Аурудың өсу себептері вакцинация кезінде қалыптасатын осы ауруға иммунитеттің болмауы болып табылады. Бүгінгі таңда жоспарлы вакцинациядан басқа А вирустық гепатитіне қарсы вакцинация жүргізілуде, — деді бас санитарлық дәрігер.
Ол А вирустық гепатитінің алдын алу мақсатында уақытша орналастыру пункттерінде 14 жасқа дейінгі 28 балаға вакцинация жүргізілгенін атап өтті. Олар бұрын жоспарлы екпелерді өткізіп алған.
