Жол апатынан кейін техбайқау картасының күші жойылуы мүмкін

Шенділер осындай ұсыныс жасады.

Көлік министрлігі техникалық тексеріс ережесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Мекеме «көлік құралын басқаруға тыйым салынған ақауға байланысты жол апаты болған жағдайда автомобильдің техбайқау картасының күшін жоюды» ұсынды,-деп хабарлайды kolesa.kz.

Мыналарға байланысты апат болса, диагностикалық карта күшін жояды:

  • тежеуіште ақау болса,
  • рөлдік басқаруда ақау болса,
  • сыртқы жарықтандыру құрылғысында ақау болса,
  • әйнек сүрткіште ақау болса,
  • қозғалтқышта ақау болса,
  • дөңгелек немесе шина жарамсыз болса,
  • айна болмаса,
  • сигнал жұмыс істемесе,
  • заңсыз қайта жабдықталса және т.б.

Апатты жағдайға арналған белгі жоқ болғаны үшін апат болса (бұл белгі көлікте болуы міндетті, оның бар-жоғын техбайқаудан өткізген маман тексеруі керек) да қиындыққа тап боласыз. Министрлік полициядан жол апаты туралы ақпаратты «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жіберуді сұрап отыр.

Газбен жүретін автомобиль иесі техбайқаудан өткен кезде мыналарды көрсетуі қажет:

  • газбаллон құрылғысы тексерістен өткені туралы куәлік;
  • газбаллон құрылғысы жөндеуден өткен жағдайда (редуктор немесе баллонды ауыстырғанда) құрылғының қауіпсіздік талабына сәйкес екенін растайтын куәлік;
  • әрбір газбаллонының паспорты.

Машинаны техникалық тексерістен өткізетін орталық қызметкерлеріне бірнеше талап пен шектеу қойылады.

Техбайқау орталығы маманының жоғары техникалық немесе орта арнаулы техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы керек әрі автомобильдің техникалық жағдайын тексеру технологиясы мен әдісін жетік білуі қажет. Сондай-ақ көлікті тексеретін техникалық сарапшының «көлік құралын жүргізу дағдысы және өзі техбайқаудан өткізетін көлік құралын басқаруға жарамды жүргізуші куәлігі болу керек. Көлік жүргізу өтілі кемінде үш жыл болуы қажет».

Бұл ереже Қазақстандағы техбайқау талабын әділ әрі шынайы етеді деп ойлайсыз ба?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером7.22 ℃
Ночью7.04 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с