«Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы: неліктен бірқатар қазақстандықтардың өтінімдері қабылданбады

Отбасы банкі «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім берген қазақстандықтардың өтінімдері неге мақұлданбағанын түсіндірді.

«Отбасы Банкі» Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар арасында 35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар көш бастап тұр. «Наурыз» бағдарламасының ең жас өтініш берушісі-Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны.

10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім берді, алайда тек 8 945 өтінім қабылданды, олардың жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен келіп түсті.

«Тағы 2 436 өтінім қабылданбады. Негізгі себеп-клиенттерде депозитте 1 млн теңге мөлшерінде қажетті сома жоқ. Бұл «Наурыз» бағдарламасына қатысудың міндетті шарты. Сондай – ақ тұрғын үйі бар азаматтардың өтінімдері де қабылданбады», — деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова ОКҚ брифингінде.

5 008 өтінім беру процесінде. Яғни, мемлекеттік дерекқорлармен салыстыру жүргізілуде және жүйе ЭЦҚ өтініміне қол қоюды күтуде.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін таңдалған 5 қала мен аймақтың қатарына Ақтөбе және Алматы облыстары кірді. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін «Баспана маркет» платформасында қабылданады.

Бағдарлама іске қосылған бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда.

Орталық филиал директоры Жансұлтан Матайдың айтуынша, ипотекаға рәсімделетін пәтерлерді Баспана маркет порталынан таңдау керек. Сол жерде баспананы брондау қызметі де бар.

«Іріктеуден өткен және төлем қабілеттілігін растаған кісілер қаланы аралап, уақыт жоғалтпайды. Баспана маркетте тізімге енген барлық құрылыс нысандары бар. Сол жерден таңдауға болады», — деді Матай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жаңадан сатып алынған үйді жөндеуге де ақша алуға болады. Бірақ оның көлемі ипотеканың 20 процентінен аспауы шарт.

«Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, сондай-ақ моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін — 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Бағдарлама шарты:

  • алғашқы жарна — 20%;
  • Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме — 7%;
  • азаматтардың барлық санаты үшін несие бойынша мөлшерлеме — 9%;
  • несие мерзімі — 19 жылға дейін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жаңа ипотека. Несие тарихы маңызды ма, жер үй алуға бола ма, көпбалалыларға жеңілдік бола ма

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером27.75 ℃
Ночью22.39 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с